“Абылай хан резиденциясы” музей кешеніне М. Жұмабаевтың 130-жылдығына орай ұйысдастырылған мерекелік іс-шараларға қатысқан ақынның туыстары, шетелдік ғалымдар, қоғам қайраткерлері, жазушылар келді. Құрметті қонақтардың ішінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері-заңгері, заң ғылымдарының докторы, профессор — Бекет Тұрғараев та болды және “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” заманына 300 жыл толуына орай музейімізге “Елім-ай” кітабын сыйға тартты.