2023 жылдың 25 тамыз күні С.Мұканов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Абылай хан резиденциясының» ашылуына 15 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Абылай хан — ерлік дәуірінің ерен тұлғасы» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияда ғалымдар, тарихшылар, өлкетанушылар, қоғам қайраткерлері баяндама жасады. Олар өз баяндамаларында Абылай хан резиденциясы музейінің Қазақстан азаматтарын тарихи және патриоттық тәрбиелеу ісіндегі маңызды рөлін атап өтті. Оқылған мақалалардан жинақ шығарылды,ол барлық қатысушыларға таратылды.