2018 жылдың 04 сәуірі күні жалпыхалықтық «Рухани жаңғыру» жобасы негізінде, «Рухани қазына» бағыты бойынша «Абылай хан Резиденциясы» Мұражай кещенінде Петропавл қаласы темір жол көлігі ардагерлері үшін «Асыл қазына» атты қайырымдылық іс-шарасы өткізілді.
Ардагерлер үшін мұражай экспозицисымен танысу ұйымдастырылды. Бұл іс-шараның ерекшелігі – тақ залында экскурсияны №17 ұлттық жаңару мектеп кешенінің тоғызыншы сынып оқушысы Нургузина Жанна өткізді. Ол 2017 жылы қалалық «Жас экскурсия жүргізуші» байқауының жүлделі орын иегері.