2018 жылдың 09 сәуірі күні Аққайың ауданы Смирново с. Мәдениет ү йінде “Абылай хан Резиденциясы” мұражай кешенінің 10-жылдығына байланысты “Ордасы ұлы Абылайдың” атты жылжымалы көрмесінің ашылуы өтті. Көрменің ашылуына Аққайың ауданы әкімінің әлеуметтік, тұрмыстық-коммуналдық және құрылыс жұмыстары бойынша орынбасары Сарсымбаев Самат Қанатұлы, сонымен қатар Смирново с. тұрғындары қатысты. Көрме 2018 жылдың 16 сәуіріне дейін Мәдениет үйінде жұмыс істемек.