“Ұрпаққа ұран – ұлы тұлғалар”

2018 жылдың 2 сәуірі күні №24 мектебінің 5 сынып оқушылары үшін Отан қорғаушылар күніне орай “Абылай хан Резиденциясы” мұражай кешенінде “Ұрпаққа ұран – ұлы тұлғалар” атты іс-шара өткізілді. Алдымен оқушылар “Қазақтың ұлы батырлары – Отан қорғаушылары” тақырыбында мұражай экспозицияларымен танысты. Кейін олар үшін “казармадағы сарбаздар” бағдарламасы ұйымдастырылды. Жарысқа барлық оқушылар белсене қатысты. Олар шифрограмманы шешу, авиабомбаны зарарсыздандыру, әскери жаралармен атысу, түйме тігу, өз капитанын тастамай, топта жұмыс жасау қабілеттерін шыңдады. Жарыс соңында балалар майдандық үшбұрышты хаттар жасап үйренді. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.