2018 жылдың 27 сәуірі күні “Абылай ханның Резиденциясы” мұражай кешенінің 10-жылдығына орай Сергеевка қ. “Шал ақын ауданының тарихи-өлкетану мұражайында” “Ордасы ұлы Абылайдың” жылжымалы көрмесінің ашулы өткен болатын. Салтанатты бағдарламаны Мәдениет үйі ұйымдастырды. Көрменің ашылуына Сергеевка қ. әкімі Таласбаев Науқан Қайнетұлы қатысты. Көрме 2018 жылдың 14 мамырына дейін тарихи-өлкетану мұражайында жұмыс істемек.