“Ұрпаққа ұран – ұлы тұлғалар” “Достық” балабақшасында

2018 жылдың 4 мамыр күні “Абылай хан резиденциясының” мамандары “Достық” балабақшасына барып,мәдени-танымдылық бағдарлама “Ұрпаққа ұран – ұлы тұлғалар” атты “Батырлар – Отан қорғаушылар” күніне арналып балабақша тәрбиеленушілеріне өткізді. Балаларға арналып шағын – көрме, көрмемен қоса ертегі әңгіме “Ұлы қазақ батырлары – Отан қорғаушылар” туралы түсінік берілді. Қазақ батырларының қару-жарақтары, қыран-құс шағын көрмеге қойылып көрсетілді. Бағдарламаның соңында балалармен жарыс ойындары ойнатылды.