2018 жылдың 15 мамыр күні “Абылай хан Резиденциясы” мұражай кешенінің 10-жылдығына байланысты Иван Петрович Шуховтың мұражай-үйінде “Ордасы ұлы Абылайдың” жылжымалы көрмесінің ашылуы болды. Жамбыл ауданының мәдениет үйі салтанатты бағдарламасын өткізіп, соңы көрермендерге арналған экскурсиямен жалғасты. Жылжымалы көрме Иван Петрович Шуховтың мұражай-үйінде 2018 жылдың 21 мамыр күніне дейін жұмыс атқарады.