“Табиғат аясында” мұражай сабағы

 2018 жылдың 17 мамыры күні “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінің қызметкерлерімен №2 ОМ 1 сынып оқушыларына мектеп қабырғасында “Табиғат аясында” тақырыбына мұражай сабағы өткізілді. Оқушыларға арналып шағын көрме ұйымдастырылды. Әсіресе оқушылардың қызығушылығын тудырған сұңқар құсының тұлыбы болды.