2018 жылдың 14 тамызы күні “Абылай хан Резиденциясы” мұражай кешеніне РФ Түмен облысы Ялуторовск қ. №6 арнайы білім қажеттіліктері бар мектеп-интернатының оқушылары мен қызметкерлері келді. Мұражай экспозициясымен ғана танысып қоймай, қонақтар барша түркі халқы бас иетін, киелі Түркістаннан келген “Әзірет Сұлтан” Мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының “Киелі Түркістан” жылжымалы көрмесі жәдігерлерімен танысты.