“Айгөлек” балабақшасындағы Қазақстан халықтарының тілдері күні

2018 жылдың 13 қыркүйегі күні еліміздегі бейбітшілік, достық пен келісімнің белгісі болған Қазақстан халықтарының тілдері күні қарсаңында “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінің қызметкерлерімен “Айгөлек” балабақшасының тәрбиеленушілеріне арнап “Тіл байлығы – ұлт байлығы” атты мәдени-танымдық бағдарлама өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты балаларға өз халқының және еліміздегі барлық тұрып жатқан ұлт өкілдерінің мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне деген сыйластық және құрмет сезімін тәрбиелеу болып табылады.

Балалар түрлі ұлттардың өкілдерімен танысып, әр түрлі тілдерде амандасуға үйренді. Ұлттық әндердің сүйемелдеуімен балалар би билеп, ұлттық ойындар ойнады.