Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық мемориалдық музейінің “Кел, балалар, оқылық!” жылжымалы көрмесінің ашылу салтанаты

 

2018 жылдың 14 қыркүйек күні Еліміздің басшысы Н.Ә.Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” мақаласы аясында Ыбырай Алтынсарин атындығы мемориялдық музейі мен “Абылай хан резиденциясы” музей кешені арасында өзара байланыс Меморандумына қол қойылды. Ол Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының өзара мәдениетін нығайтады.

Сонымен қатар, “Кел, балалар, оқылық!” жылжымалы көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Көрмеде Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен қызметіне байланысты жәдігерлер таныстырылды. Көрмеге: араб тілінде жазылған “Шариғатул-Ислам” кітабының түпнұсқасы, туындылар, этнографиялық очерктер, Қазақстанның халық жазушысы, Ыбырайдың туысқаны, ақын, Мәриәм Хәкімжанованың “Жеңешем” атты олеңдер жинағы, мұражай және кесененің макеті, атасының шапаны, тәрбиеленушілері және отбасымен түскен фотосуреті, 1884 жылы ақын негізін қалаған училищенің кірпіші сияқты жәдігерлер кірді.