2018 жылдың 18 қыркүйегі күні еліміздегі бейбітшілік, достық пен келісімнің белгісі болған Қазақстан халықтарының тілдері күні қарсаңында “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінің қызметкерлерімен “Ақ көгершін” балабақшасының тәрбиеленушілеріне арнап “Тіл байлығы – ұлт байлығы” атты мәдени-танымдық бағдарлама өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты балаларға өз халқының және еліміздегі барлық тұрып жатқан ұлт өкілдерінің мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне деген сыйластық және құрмет сезімін тәрбиелеу болып табылады.
Балалар түрлі ұлттардың өкілдерімен танысып, әр түрлі тілдерде амандасуға үйренді. Ұлттық әндердің сүйемелдеуімен балалар би билеп, ұлттық ойындар ойнады.