Оқушылар мұражайда

Жалпыхалықтық “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында 2018 жылдың 19 қыркүйегі күні “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінде “Есту қабілеті нашар балаларға арналған облыстық мектеп-интернаты” КММ оқушылары мен педагогтарына экскурсия ұйымдастырылды.

Қонақтар мұражай экспозициясын аралап, сондай-ақ, Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінің “Кел, балалар, оқылық!” атты жылжымалы көрмесімен танысты.