“Рухани жаңғыру” бағдарламасын жүзеге асыру аясында 21 қыркүйек күні “Батыр” балабақшасының тәрбиеленушілері “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешеніне келді. Экскурсия жүргізу барысында мектепке дейінгі балаларды ұлтжандылыққа, рухани құндылықтарға, қазақ халқының тарихы мен салт-дәстүрлерін дәріптеу міндеттері басшылыққа алынды. Балалар Абылай ханның өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат алып, мұражай экспозициясымен аса қызығушылықпен танысты.