Қазақстан мен Ресей арасындағы халықаралық қарым-қатынас Форумы аясында 2018 жылдың 21 қыркүйек күні Омбы, Қорған, Түмен қалаларының “Ресейлік студенттер отряды” жастар ұйымының жетекшілері “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешеніне келді.
Мұражай экспозициясынан бөлек, Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық музейінен “Кел, балалар, оқылық!” атты жылжымалы көрмесімен танысты.