“Ұрпақтар сұхбаты” акциясы

2018 жылдың 14–15 қарашасы күні “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінде Солтүстік Қазақстан облысының Қорғаныс істері жөніндегі Департаментіпен бірге “Диалог поколений” атты акция өткізіледі. Іс-шара қатысушылары – облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 10–11 сынып оқушылары мен алғашқы әскери дайындық оқытушылары. Отанымыздың болашақ қорғаушыларымен сұхбат құруға Қарулы Күштердің ардагерлері шақырылды.

Мұражай кешеніне дейін балалар №6637 әскери бөлімінде болып қайтты. Жігіттер қазіргі кездегі әскери өмірмен танысты: өткізу пункті, плац, оқу және казарма бөлімдері, жауынгер тағамын ұсынған асхана.

Іс-шара жас ұрпақ арасында патриоттық және рухани құндылықтарды тәрбиелеуге бағытталған. Шынайы патриоттылық өз туған жеріне, оның тарихына және мәдениетіне деген махаббат, мақтаныш пен адалдық сезіммен, өз Отанын алдындағы азаматтық борышпен өлшенеді.

Осы мақсатпен де балаларды Ұлы Мемлекет қайраткері, ержүрек қолбасшы, көреген саясатшы Абылай ханның өмірінен негізгі оқиғалар баяндалатын мұражай кешені экспозициясымен таныстыру жоспарланды. Ұлы Абылай ханның қызметінің арқасында қазақ халқы өзінің ұлттық болмысын, салт-дәстүрін, тарихы мен мәдениетін сақтап қалды. Нәтижесінде, оның барлық қызметі мен істері Тәуелсіз Қазақстанның құрылуына алып келді.