Биыл теңгенің айналымға кіргеніне 25 жыл толып отыр. Теңге бүгінгі күні Қазақстанның болашағы мен жаңа тарихының толыққанды бөлігі, тәуелсіздіктің белгісі мен экономикалық негізі болып табылады.
2018 жылдың 15 қарашасы Қазақстанның Ұлттық валюта күні “Абылай хан резиденциясы”мұражай кешенінде Қазақстан Республикасының естелік ақшалары ұсынылған шағын көрме ұйымдастырылды.
Көрмемен бірінші болып Әбу Досмұхамедов атындағы дарынды балаларға арналған гимназия-интернатының оқушылары мен Бескөл ауылы №2 орта мектебінің “Сардар” кадет сыныбының тәрбиеленушілері танысты.