2019 жылдың 18 қыркүйегі “Искорка” мектепке дейінгі оқу-тәрбие орталығында Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған “Тілге құрмет, елге құрмет” атты мәдени-танымдық бағдарлама өткізілді.
Балалар әр түрлі ұлт өкілдерімен кездесті. Ұлттық әуендердің сүйемелдеуімен түрлі ұлттық ойындар ойнады. Іс-шара соңында біздің көпұлтты еліміздің бірлік, достық пен келісімнің белгісі ретінде танылған шаңырақтың астында би биленді.
Мектепке дейінгі балаларды өз туған елінің дәстүріне, тарихына және мәдениетіне, сондай-ақ, шынайы патриоттылықтың негізін баули отыра музей қызметкерлері балалардың бойына рухани құндылықтарды қалыптастырады.