2019 жылдың 19 қыркүйегі “Малыш” балабақшасында Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған “Тілге құрмет, елге құрмет” атты мәдени-танымдық бағдарлама өткізілді.
Балалар әр түрлі ұлт өкілдерімен кездесті. Ұлттық әуендердің сүйемелдеуімен түрлі ұлттық ойындар ойнады. Іс-шара соңында біздің көпұлтты еліміздің бірлік, достық пен келісімнің белгісі ретінде танылған шаңырақтың астында би биленді.
Мектепке дейінгі балаларды өз туған елінің дәстүріне, тарихына және мәдениетіне, сондай-ақ, шынайы патриоттылықтың негізін баули отыра музей қызметкерлері балалардың бойына рухани құндылықтарды қалыптастырады.