2020 жылғы 14 ақпан Көкшетау қаласында Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының “Абылай хан резиденциясы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мен Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, Алтын Орданың 750 жылдығына арналған “Ордасы ұлы Абылайдың” атты жылжымалы көрменің ашылуымен жалғасын тапты. Көрменің ашылуына “Тарих және тағылым” кітабының авторы, т. ғ. д., профессор Қадыржан Қабиденұлы Әбуев, тарих мамандары мен студенттер және Ақмола облысының тұрғындары қатысты.
Көрме бір ай көлемінде жұмыс жасайды.