2019 жылғы тамыз айында Қазақстан Республикасының Президенті К. Ж. Тоқаев “Ұлытау-2019” халықаралық туристік форумына қатысып, 2020 жыл мерейтойлық шаралар бастау алсын деп жариялады. 2020 жылғы ең маңызды оқиғалардың бірі — Алтын Орданың 750 жылдығы.
2020 жылғы 18 ақпан күні “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінде Бірінші гимназия оқушылары мен Мағжан Жұмабаев атындағы жоғарғы педегогикалық колледждің студенттерінің қатысуымен бірлескен музейлік-тарихи викторина өтті. Алтын Орда жайында көптеген мағлұматтар оқылып, музыкалық-көркем шығармалар орындалды.