“Абылай хан резиденциясы” мұражай кешені Қостанай қаласындағы Ы. Алтынсарин облыстық мемориалдық музейінде “Ордасы ұлы Абылайдың” атты жылжымалы көрме ұйымдастырды. Шара аталмыш мәдени ұйымдар арасындағы ынтымақтастық меморандуының аясында жүзеге асып отыр.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев “Ұлы даланың жеті қыры” атты өзінің мақаласында “Бұқараның санасында тарихи үрдістер ең алдымен дербестендірулер сипатында болатыны белгілі. Көптеген халықтар өз елдерінің өзіндік ерекшелігі бар елшісіне айналған ұлы бабаларымыздың есімдерін бағалап мақтан етеді.Ұлы дала біртуар саңлақтарды дүниеге келтірген,олардың ішінде Абылай хан да бар”, – деген болатын. Көрмені тамашалаушылар тарихи тұлғаны жан-жақты танып-білуде. Мұражай қызметкерлері қостанайлықтар назарына 30-дан астам жәдігер ұсынды. Солардың ішінде Шалакын ауданындағы Көктерек ауылының тумасы Қазыбек(Тышқан) батыр найзасының ұшы көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Батыр 18 ғасырда жоңғарларға қарсы шабуыл жасаған Абылайдың атақты жауынгерлерінің бірі болған. Көрме сөрелеріне Абылай хан туралы кітаптар,оның Ресей өкіметіне жазған хаттары қойылған. Көрме 12 мамырға дейін жалғасады.
Гүлнәр Жұмабекова
“Абылай хан резиденциясы” музей кешенінің қызметкері