2021 жылғы 22 қарашада Абылай хан Резиденциясының қызметкерлері Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған “Елбасы – ел мақтанышы” жылжымалы көрмесін ұйымдастырды.

Мақсаты: Н. Ә Назарбаевтың өмірбаянымен, оның тәуелсіз Қазақстанның халықаралық мәртебесін нығайту жөніндегі қызметімен таныстыру.

Көрмені қарашаның 22–24 аралығында тамашалауға болады.

2021 жылдың 15 қарашасы күні Ұлттық валюта күніне орай Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары "Теңге тиыннан, ынтымақ ұйымнан" көрмесін тамашалауға келді

2021 ж. 11.11. “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінде ҚР Ұлттық Банкінің Солтүстік Қазақстан филиалымен бірлесіп ұйымдастырылған ұлттық валюта – теңгенің 28 жылдығына арналған көрменің ашылуы өтті.

Көрмеде валютаның жасалу тарихы ұсынылды, келушілер алғашқы банкноттармен таныса алды, сондай-ақ естелік тарихи оқиғаларға, елдің айтулы күндеріне, Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан тұлғаларға арналған коллекциялық монеталарды тамашалады. Сондай-ақ, “Қолданбалы өнер”, “Атақты мешіттер”, “Қазақстанның салт-дәстүрлері, ұлттық ойындары”, “Қазақстан фаунасы” сынды сериялары да бар. Көрме 11 қарашадан 18 қараша аралығында жұмыс істейді.