“Туған өлкем-Қазақстан” көрмесі.
Бүгін 2022 жылғы 18 қазан “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінде “Туған өлкем — Қазақстан” атты Республика күніне арналған көрменің ашылуы өтті. Қару - қазақ халқының материалдық мәдениетінің құрамдас бөліктерінің бірі. Қару-жарақ артефактілері-ел тарихын, оның батырлық өткені мен бүгінін білудің маңызды көзі, мәдени мұраның ажырамас бөлігі. Көрмеде XVIII–XIX ғғ суық және оқпен ататын қару-жарақтар қойылған. Шараға СҚО мәдениет басқармасы, М. Қозыбаев атындағы СҚУ ғалымдары, қару-жарақ жасаушы шеберлері мен ҚР Министрлігінің ЖТМ тыңдаушылары қатысты. Көрме 2022 жылғы 28 қазанға дейін жұртшылықтың назарына ұсынылады.