2021 жылдың 15 қарашасы күні Ұлттық валюта күніне орай Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары "Теңге тиыннан, ынтымақ ұйымнан" көрмесін тамашалауға келді

2021 ж. 11.11. “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінде ҚР Ұлттық Банкінің Солтүстік Қазақстан филиалымен бірлесіп ұйымдастырылған ұлттық валюта – теңгенің 28 жылдығына арналған көрменің ашылуы өтті.

Көрмеде валютаның жасалу тарихы ұсынылды, келушілер алғашқы банкноттармен таныса алды, сондай-ақ естелік тарихи оқиғаларға, елдің айтулы күндеріне, Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан тұлғаларға арналған коллекциялық монеталарды тамашалады. Сондай-ақ, “Қолданбалы өнер”, “Атақты мешіттер”, “Қазақстанның салт-дәстүрлері, ұлттық ойындары”, “Қазақстан фаунасы” сынды сериялары да бар. Көрме 11 қарашадан 18 қараша аралығында жұмыс істейді.

2021 жылдың 29 қазан күні Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектеп оқушыларына “Адамзаттың Абайы” жылжымалы көрмесі бойынша онлайн экскурсия өткізілді. Мектеп оқушылары Абай атамыздың өмірі және шығармашылығымен, сонымен қатар Абай Құнанбайұлының өзі және отбасы қолданған XIX ғасырдан сыр шертетін жәдігерлермен танысты.

"Абылай хан резиденциясы" музей кешеніне СҚО Аймақтық департаменті, Облыстық аурухананың пульмонология бөлімшесі, сондай-ақ #5 орта мектептің оқушылары қонаққа келіп, музейдің 4 залы және "Адамзаттың Абайы " жылжымалы көрмесі бойынша экскурсияны тамашалады.