“Ғасыр бойы мектепке”

 2019 жылғы 06 қараша күні №44 орта мектептің 4-ші сынып оқушыларына “ғасыр бойы мектепке” атты музей сабағын өткізу барысында балалар пиктографиялық хат жазды, сажень, аршин, ағайын, шыңдар сияқты ұзындық шаралары туралы түсініп, сыныптастарының бойын өлшеп, XVIII ғасырдың медресесінде "оқығандай әсер алды.

“Кроха” балабақшасында “Сиқырлы сандық”

2019 жылдың 6 қарашасы “Кроха” балабақшасында “Сиқырлы сандық” интерактивті іс-шарасы өткізілді.

Shoqany bar el – shoqtyģy biik el

2019 жылғы 01 қараша күні “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінде “Shoqany bar el – shoqtyģy biik el” Ш. Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық музейі көрмесінің ашылуы өтті. “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында СҚО тұрғындары мен қонақтарын Ш. Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық музейінің экспонаттарымен таныстырып, көрнекті қазақ этнографы, саяхатшы, зерттеуші Ш. Уәлиханов пен оның отбасының өмірі мен қызметіне қызығушылық туғызу мақсатында ұйымдастырылған көрменің ашылу салтанатына қаламыздың қадірлі қонақтары, мәдениет ұйымдарының қызметкерлері, Петропавл педагогикалық колледжінің студенттері мен Есіл, Тайынша және Ғ. Мүсірепов аудандарының оқушылары тамашалады.

“Музейлер парады” акциясы аясында “Аily túnniń jaryģymen” фестивалі

25.10.2019 ж. “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешені “Рухани жанғыру” бағдарламасы аясында өтіп жатқан “мұражайлар шеруі” республикалық акциясына қосылды.

Бұл күні музейге келушілер “Аily túnniń jaryģymen” фестиваліне қатыса алды. Шара сағат 21: 00-де басталып, сағат 03:00-ге дейін жалғасты.

Фестиваль бағдарламасында қатысушылар “Абылай ханның Ресей елшісімен кездесуі” атты С. Мұқанов атындағы облыстық қазақ-сазды драма театрының әртістерінің орындауындағы қойылымын тамашалады. Осы түні мұражайда "Караоке" кафесі жұмыс істеді, сонымен қатар “ғасырлар тоғысындағы тарих” квест – ойыны ұсынылды. Квест сәтті өтіп, ойыншылар Абылай ханға өзінің ең маңызды сұрағын қоя алды.

Ұрпақ диалогы

“Ел-тірегі” республикалық науқаны аясында, Солтүстік Қазақстан облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті басшылығының ұйымдастыруымен “Абылай хан Резиденциясы” мұражай кешенінде Петропавл қаласының колледж студенттері мен Қарулы Күштері ардагерлері және “Жас сарбаз” жастар қозғалысы әскери-патриоттық ұйымының төрағасының қатысуымен “Ұрпақ диалогы” патриоттық шарасы өткізілді.

Өткізіліп отырған шараның басты мақсаты жастардың бойына Отанға, өз өлкесіне, еліміздің тарихына және батыр бабаларымыздың елі үшін ерліктеріне деген патриоттық сезімді арттыру арқылы өз Отаны Қазақстанды сүйетін, қорғайтын және елі үшін қызмет ететін нағыз азаматтарды тәрбилеу.

Сондай-ақ, жастар “Абылайхан Резиденциясы” мұражайлық кешенінде ханның шежіресі, Абылайдың қиын балалық пен жастық шағы, Абылайдың қолбасшы мен болашақ мемлекеттік қайраткер ретіндегі дамуы туралы мәліметтермен және құнды тарихи экспозициялармен танысты.