ҚР Президенті Қ. Ж. Тоқаевтың Жолдауына арналған дөңгелек үстел
20 қыркүйек күні сағат 11:00 де ҚР Президент Қ. Ж. Тоқаевтың “Құрылымды сұхбат Қазақстанның тұрақтылығы және өркендеуінің кепілі” атты Жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізілді. Нұр Отан партиясының Петропавл қалалық филалының саяси кеңесі мүшесі Ш. Н. Аймуллина, тарихи-өлкетану музейінің қызметкері С. Д Салмұрзин, “Абылай хан резиденциясы” музей кешені директоры орынбасары Ә. Е. Қыдбекова сөз сөйледі. Жолдауды талқылауға ГТК студенттері және “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінің қызметкерлері қатысты. Талқылауға қатысушылар саны 35 адам.
Мақсаты: Қазақстан азаматтарын Отанымыздың тұрақтылығы мен гүлденуіне негіз болатын белсенді азаматтыққа тарту.