“Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында

Қазақстан халықтары бірігі күніне арналған “Тіл – баға жетпес мұра” атты интерактивті іс–шарасы “Малыш”, “Балдырған”, “Балапан”, “Солнышко”, “Ласточка” балабақшалары мен №23 орта мектепте өткізілді.

Іс-шараның мақсаты балаларды әр түрлі ұлт өкілдерінің ойынын ойнату арқылы тілін үйренуге деген балалардың қызығушылығын тудыру және арттыру; ҚР аумағында тұрып жатқан ұлт өкілдеріне деген құрмет пен сыйластық сезімдерін дарыту.

Іс-шара кезінде ұлттық ойындар ойнатылды. Оның ішінде қазақ ұлттық ойыны “Тақия тастамақ”, башқұрт ұлттық ойындары “Липкие пеньки” және “Стрелок”, неміс ұлттық ойыны “Өрт” және дағыстан ұлттық ойыны “қалпақты кигіз”.

2017 жылғы 30 тамыз Қазақстан конституциясы көшесінің орталық алаңында ҚР Конституциясы күніне арналған “Ата заң – алтын туғырымыз” атты жылжымалы шағын көрме қойылды.

Көрменің мақсаты: көрерменді ата заңымыздың қайнар көзінен бастау алған қазыргі Конституциямен таныстыру.

“Астана ЭКСПО – 2017” көрмесі әлемді паш етерліктей әсер берді. Елбасының осындай салихалы саясатының арқасында мемлекеттік деңгейдегі көрме ұйымдастырылып, өз тұғырымызды биік көтере алатын мемлекет ретінде тағыда көрсете алдық. Яғни, 25 жыл ішінде қойған мақсат, талаптарыға жетіп, елімізді әлемнің қарқынды дамыған отыз елдің құрамына енуді мақсат қойып отыр.

Елбасының “Рухани жаңғыру” бағдарламасына орай, қаламыздың орталық алаңында шағын – жылжымалы көрмені халық тамашалай алды.

2017 жылғы 12 маусым күні «Туған жер» бағдарламасы төңірегінде халық өнерін  насихаттауға арналған «Мен қазақпын» атты республикалық дәстүрлі ән, терме және күй мега-жобасы байқауының қатысушыларымен мұражай кешенінің алаңында театрландырылған қойылым өтті. Шара мұражай залдарымен танысумен жалғасын тапты.

Жобаның мақсаты: еліміздің үпкір-түпкірлеріндегі дәстүрлі әнші, термеші, күйшілердің басын бір арнаға тоғыстырып, еліміздің әр аймағында қалыптасқан өнер мектептерінің таңдаулы туындыларын дәріптеу мақсатында атадан-балаға мұра болып келе жатқан төл өнеріміз-күй, жыр-термені дамытып, заманға сай жаңашылдандырып, өскелең ұрпаққа насихаттау.

Іс-шараның мақсаты:

  • Қазіргі ұрпаққа Абылай хан және оның Қазақстан тарихында алатын орны туралы қызықты түрде жеткізу
  • Бос уақытты өткізудің жаңа интеллектуалды-мазмұнды түрлерін дамыту

Квесттің тапсырмалары:

  • Тарихты тану және өлкетану бойынша білімдерін кеңейту
  • Музейді бос уақытты өткізудің бірден-бір объектісі ретінде жариялау

Квест-ойыны “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінде 2017 жылғы 18 мамырда өтті. Ойынның басында 3–4 адамнан тұратын топқа, сонымен қатар жалғыз ойыншыға да барлық тапсырмалар жазылған “Саяхатшы кітапшасы” тапсырылады. Бірінші залда ойыншылар жасырылған сөздің “Торсық” барлық негізгі әріптерін жинап алулары тиіс. Тапсырманы орындағаннан кейін келесі залдағы – киіз үйді құрастыру тапсырмасын орындайды, кейін көптеген қиын тапсырмаларды мұқият орындап, ойыншылар алғырлықтарының, зеректіліктерінің арқасында Абылай ханның тура өзіне ең басты сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болады. Ойын мемлекеттік тілде жіне орыс тілінде өткізілді.

Жеңімпаздар сыйлықтарға ие болды. Ойынға барлығы 250 адам қатысты.

2017 жылғы 25 шілдеде СҚО әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен “Абылай хан резиденциясы” қызметкерлері Ш.Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық мұражаймен бірлесе отырып “Сырымбет – қасиетт қара қоныс” атты квест-ойыны өткізілді. Іс-шараға Сырымбет ауылының тұрғындары мен Айыртау ауданының жетімдер және ата-ана қамқорынсыз қалған балалар мектеп-интернатының тәрбиеленушілері қатысты.

Жобаның мақсаты мен тапсырмалары:

  • Қазіргі ұрпаққа ХІХ ғасырдың ұлы тұлғасы Ш.Ш.Уалиханов туралы, оның Қазақстан тарихындағы  маңызы жөнінде  қызықты түрде жеткізу.
  • Өскелең ұрпаққа туған жеріне деген қызығушылықтарын, махаббатын, намысын қалыптастыру.
  • Әр азаматтың «Кіші Отанына» деген патриоттық сезімдері мен жауапкершілігін арттыру.
  • Өлкетану бойынша білімдерін кеңейтіп, өз жерінің мәдени мұрасын, өз халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын біліп, қастерлеуге ынталандыру.
  • Айғаным музей-қонысын қызықты да, танымдық туристік объект ретінде жария ету.

Іс-шара квест ойыны түрінде өткізілді. Ойынның бұл түрі қатысушылардың қызығушылықтарын арттырып, мүмкіндіктерін көрсетуге арналған.  Ойынның тапсырмалары жас ерекшеліктеріне сай өңделді. Ойыншылар Айғаным қонысының аясындағы Ш.Уәлихановтың бейнесі бар естелік  медальондарды өз қолдарымен жасады.  Ойын өте қызықты да танымдық  мазмұнда өтті. Іс-шара барысында ойыншылар ХХІ ғасырдың ұлы тұлғасы Ш.Ш.Уалиханов туралы, оның Қазақстан тарихындағы  маңызы жөнінде  қызықты түрде тани білді. Квест-ойыны әр адамның өзінің Отанына деген патриоттық сезімдерін,  махаббатарын, намысы мен жауапкершіліктерін арттыру.  Ойынның тапсырмалары ойыншыларды достыққа  және ұжымшылдыққа баулыды. Іс-шара сәтті өтіп, қатысушылар сыйлықтарға ие болды.