“Эко Сағат” Республикалық акциясы

2019 жылдың 12 қазан күні “Абылай хан Резиденциясы” қызметкері “Эко Сағат” Республикалық экологиялық акциясы аясында өткізілген іс-шараға қатысты.Қатысушылар ағаштар отырғызды.

Мамлют ауданының қонақтары

2019 жылдың 09 қазаны күні “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінде Мамлют ауданының оңалту орталығына экскурсия ұйымдастырылды. Қонақтар мұражай экспозициясымен және “ALYP TULĠALAR” жылжымалы көрмесімен танысты.

Ашық аспан астында дәріс “XVIII ғасырдың екінші жартысындағы Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты”

2019 жылдың 08 қазан күні “Абылай хан резиденциясы”музей кешенінің аумағында ашық аспан астында “XVIII ғасырдың екінші жартысындағы Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты” атты тақырыпта дәріс өтті. Дәріске СҚКПК студенттері қатысты.Ұйымдастырушылар “Абылай хан резиденциясы” тарихи-ғылыми зерттеу бөлімі. Сонымен қатар музей залдары және “Алып тұлғалар” атты жылжымалы көрмесі бойынша шолу ұйымдастырылды.

Молдовиядан келген мейман

2019 жылдың 4 қазаны “Абылай хан Резиденциясы” музей кешеніне Молдовиядағы география және этнография бірлестігінің Президенті келді. Мейман қызыға тарихпен, XVIII ғасырда Қазақ хандығын қосқан ұлы ханның өмірі және қызметімен танысты.

Қариялар – біздің қамқорлығымызда

2019 жылдың 04 қазаны күні қарттарды қолдау айлығы аясында “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешеніне Мамлют ауданының ардагерлері экскурсияға келді. Қонақтар қазақ халқын біріктірген, XVIII ғасырдағы Қазақ хандығының ұлы мемлекет қайраткері Абылай ханның өміріне байланысты негізгі оқиғалармен танысты. Сондай-ақ, қарт адамдарға Жамбыл ауданынан келген “Alyp tulǵalar” жылжымалы көрмесінен эскпозиция ұйымдастырылды.