“Бір шанырақ астында”

2019 жылдың 30 сәуірі күні Қазақстан халықтары бірлігі күні “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінің қызметкерлері “Нұр бала” балабақшасының тәрбиеленушілеріне “Бір шаңырақ астында” атты мәдени-танымдық бағдарлама өткізді.

Бағдарлама балалар бойында ұлтжандылықты тәрбиелеуге бағытталды. Балалар түрлі ұлт өкілдерімен кездесіп, ұлттық ойындар ойнады.

Ұлтжандылықты тәрбиелеу

2019 жылдың 25 сәуірі күні “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешеніне Полудинский балалар үйінің тәрбиеленушілері экскурсияға келді. Балалар 18 ғасырдағы Қазақ хандығының маңызды саяси тұлғаларының бірі Абылай ханның қызметі және өмір тарихымен танысты.

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері

24 сәуір күні “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінің қызметкерлері қалалық №9 орта мектеп оқушыларына “Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері” атты бағдарлама өткізді. Іс-шара барысында балалар сәндік-қолданбалы өнердің үлгілері және түрлерімен танысты. Балалар қолданбалы өнер шеберлерінің жұмыстарымен танысып, өздері де кілем тікті. Сондай-ақ, ою-өрнек түрлерін біліп, ұл бала мен қыз баланың ұлттық киімдерін оюмен безендіруді үйренді. Естелікке мектеп оқушылары ұлттық оюдың бояу қағазын алды.

Сергеевка қаласында өткен мұражай сабақ

2019 жылғы 19 сәуір күні Сергеевка қаласының №3 орта мектебінің 8–9 сынып оқушылары “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінің қызметкерлері өткізген “СҚО сакралды картасы” тақырыбындағы мұражай сабағына қатысып, Солтүстік Қазақстан облысының киелі жерлеріне саяхатта болып қайтты.

“Ұлы тұлғалар. Абылай хан”

2019 жылғы 19 сәуір “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінің қызметкері И. Шухов атындағы қалалық орталық кітапханада өткен “Ұлы даланың жеті қыр” мақаласы аясында өткен конференцияда “Ұлы тұлғалар. Абылай хан” атты тақырыпта баяндама оқыды.