Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні

2019 жылғы 17 сәуір күні Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні музей кешенінде мұражай сабағы өтті. Шараға “Өнер колледжі – музыкалық-эстетикалық бейімдегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат” кешені” КММ 8 сынып оқушылары қатысты. Балалар СҚО киелі жерлер картасы мен тарихи-мәдени орындармен “Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы” КММ жұмыстарымен танысып, музей кешенінің залдарына экскурсиялық шолулар жасады. Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының қызметі жөнінде балаларды осы орталықтың бөлім меңгерушісі Баймусенов Жанат Оразбекұлы таныстырды.

“Ордасы – ұлы Абылайдың” атты көрме

Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың бағдарламасы аясында “Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық мұражайы” КММ және “Абылай хан резиденциясы” КМҚК ынтымақтастық туралы меморандум аясында 2019 жылғы 12 сәуірде “Ордасы-ұлы Абылайдың” көрмесі ашылды.

18 ғасырдың екінші жартысындағы Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты

2019 жылғы 9 сәуір күні “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінде “18 ғасырдың екінші жартысындағы Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты” атты тақырыпта музей сабағы өтті. №12 орта мектеп оқушылары қатысты. Сабақ барысында оқушылар Ұлы ханның өмірбаянымен таныстырылды. Қазақ мемлекетін сақтау мен нығайтудағы Абылай ханның рөлін анықтады. Оқушыларға музей залдарында экскурсия өткізілді.

“Ғасырлар бойы мектепке” мұражай сабағы

2019 жылғы 09 сәуір күні “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінде Березовка негізгі мектебінің 6 сынып оқушылары “Ғасырлар бойы мектепке” мұражай сабағына қатысып, XVIII ғасыр медресе сабақтарында болып, пиктографиялық хаттар жазып, бой өлшемдерінің көлемді өлшей білуге үйреніп, ерте ғасырларда сапар шеккендей әсер алды.

Мұражайлық сабақ Явленка ауылында

2019 ж. 5.04. музей кешенінің қызметкері Явленка с. Есіл ауданының тарихи-өлкетану мұражайында “Солтүстік Қазақстан облысының Сакральная картасы” атты музей сабағын өткізді. СҚО киелі жерлер бойынша саяхатқа №3 ОМ оқушылары барды. Шараға Аяган Шәжімбаев атындағы аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары, Жастар ресурстық орталығының өкілдері, тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері.