“Дарын” мектеп-лицейіндегі мұражайлық сабақ

21 ақпан “Дарын” мектеп-лицейінде 10 сынып оқушыларына “Батыр –Қожаберген жырау” мұражай сабағы өткізілді.

Балалар музыкант, батыр, әскербасы, ақынның ерліктері мен шығармашылығы жайында білді.

Дәрістен бөлек “Жау жүрек мың бала” кинофильмінен үзінді көрсетіліп, қазақ батырлары қару-жарақтарынан көрме ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында оқушыларға Қазақстанның тарихына деген махаббат, патриоттық сезім, ұлттық батырлар ерлігіне деген мақтаныш сезімін ұялаттық.

“Қолөнер – сырлы өнер”

20 ақпан “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінде СҚО Мағжан Жұмабаев аудандық тарихи-өлкетану мұражайы ұйымдастырған “Қолөнер – сырлы өнер” жылжымалы көрмесінің ашылу салтанаты болды. Көрмеге өткен ғасырлардағы адамдардың тұрмысы мен өмірі жайында тарихи қызығушылық танытатын 30 -дан астам жәдігер қойылды.

Көрменің мақсаты мен міндеттері:

  • Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында СҚО тұрғындарын М. Жұмабаев ауданы тарихи-өлкетану мұражайының жәдігерлерімен таныстыру.
  • Келушілердің өлке тарихына деген қызығушылығын тудыру.

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері

19 ақпан күні “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінің қызметкерлері “Дарын” мектеп-лицейінің оқушыларына “Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері” атты мәдени-танымдық бағдарлама өткізді. Іс-шараның мақсаты оқушыларды ұлттық мәдениетке баулып, қазақтың сәндік-қолданбалы өнерінің түрлерімен таныстырып, ұлттық өнерге деген махаббатты бойларына сіңіре отырып, туған өлкенің мәдениетін танып-білуге қызығушылықтарын арттыру болып табылады.

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері

15 ақпан күні “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінің қызметкерлері “Дарын” мектеп-лицейінің оқушыларына “Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері” атты мәдени-танымдық бағдарлама өткізді. Балаларға қолданбалы өнердің даму кезеңдері түсіндіріліп, қолөнершілердің түрлі жұмыстары көрсетілді. Оқушылар өздерін шығармашылықтары жағынан шыңдады, өздері кілеп тоқып, киімді ою-өрнекпен безендірді.

Қазақ халқының мәдениетін толықтай ашу үшін балаларға қазақтың ұлттық ойындары ұсынылды.

Музейдегі тарих сабағы

15 ақпанда “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінде Олимпиадалық резервтегі Солтүстік Қазақстан арнайы мектеп-интернат оқушыларына “Ұлы даланың ұлы есімдері” тақырыбына тарих сабағы өткізілді.

Қазіргі уақытта музей тек мәдениет қана емес, сонымен қатар оқу кеңістігі болып саналады. Музей шарттарында балалар пәндік-кеңістік ортаға түседі, Қазақ халқының 18 ғасырдағы тарихи оқиғаларынан хабардар болады, Абылай ханның мемлекетті құрудағы ролін көбірек біледі.

Музейдің тарих сабағын музей қабырғасында өткізуде білім мекемелерімен бірлесе жұмыс жасауында көптеген тың дүниелер қолданылады. Олар: залдағы экспозиция, сондай-ақ құрал-жабдықтар. Музейдегі тарих сабағы инновациялық педагогикалық технология бола тұра барлық заманауи талаптарға сәйкес келеді.