Ел мақтанышы – Тәуелсіздік

2018 жылдың 15 желтоқсан күні “Абылай хан резиденциясында” Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында, “Нұр Отан” партиясы қалалық филиалының төрағасының орынбасары К. Т. Мұқышевтың қатысуымен салтанатты жиын өтті.

Іс-шара барысында Кеңес Таңатарұлы мұражайдың қызметкерлеріне партиялық билеттерді табыстады.

Менің Отаным – Қазақстан!

2018 жылдың 13, 14 желтоқсан күні “Абылай хан Резиденциясы” мұражай кешенінің қызметкерлерімен ҚР Тәуелсіздігіне орай “Алтын бесік”, “Нұр бала” балабақшалары тәрбиеленушілеріне мәдени-танымдық бағдарламалар өткізілді.

Балабақша тәрбиеленушілері, көп ұлтты ел, ҚР мемлекеттік символдары сияқты ұғымдармен танысты.

Әр ұлттың тіліне, Отанға деген махаббат, Қазақ халқының салт-дәстүрлеріне деген сыйластық ұлттық ойындар, әндер, шаңырақ төңірегіндегі билермен көрсетіліп, балаларды патриоттық сезімге бөледі.

“Менің Қазақстаным – менің мақтанышым!”

2018 жылдың 12 желтоқсан күні “Абылай хан Резиденциясы” мұражай кешенінің қызметкерлерімен ҚР Тәуелсіздік күніне орай № 1 орта мектептің 8 сынып оқушыларына мәдени-танымдық бағдарлама өткізілді.

Іс-шара барысында оқушылар зияткерлік ойынның 5 кезеңінен өтті: “Бәйге”, “Полиглот”, “Өз ойыным”, “Сандықша”, “Сатылым” және “Тұлғалар тарихы”.

Іс-шара балалардың жүрегіне патриоттық сезімді, махабатты ұялатуға бағытталған. Қазақ халқының тарихи мұрасына, мәдениетіне сыйластықпен, қызығушылықпен қарауға баулу.

Балалар ұйымының көшбасшылары

2018 жылдың 7 желтоқсаны күні “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешеніне Ресейдің Волгоград, Түмен қалаларынан, сондай-ақ, Қарағанды және Көкшетау қалаларынан мектеп оқушылары экскурсияға келді. Оқушылар Петропавл қаласына Қазақстан мен Ресейдің балалар ұйымдары көшбасщыларының Халықаралық кездесуінің қатысушылары ретінде келді.

Адал мекен

2018 жылдың 06 желтоқсаны күні “Адал мекен” сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің акциясы аясында “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінде “Ісіңе адал бол!” антикоррупциялық тақырыпқа жаппай құқықтық білім беру іс-шарасы өткізілді.

Жаппай құқықтық білім беру іс-шарасы барысында жемқорлықтың шығу түрлері, мемлекеттік қызмет жүйесіне тигізер залалы туралы сұрақтар талқыланды.