Бесікке салу
2018 жылдың 19 қазан күні “Арман-ай” тойханасында “Бесікке салу” интерактивті іс-шара өткізілді. Сәбиді “бесікке салу” рәсімі көрсетілді. Бұл қазақ халқының көнеден келе жатқан салт – дәстүрлерінің бірі болып табылады. Сәбидің жаңа туғаннан бастап, қасиетті де киелі, құтты жері “Алтын бесік” болып табылатынын көрсетілді. Біріншіден, Әже бесікті аластап, сәбиді бесікке бөлеп, тыштырма ырымын жасады.
Eлбасының халыққа жолдауым талқылау
2018 жылдың 19 қазан күні «Абылай ханның резиденциясы» КМҚК мұражай кешенінде 2018 ж. 05.10 ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа жолдауын талқылау өтті.
Баяндама оқығандар: «Жолдаудың негізгі шарттары» тақырыбына ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі Ж. О. Баймусенов, «Халық табысының өсуі» тақырыбына бас есепші Л. В. Пропащева.
Мұражай қызметкерлері, жолдау, бүкіл қазақстандықтар үшін елдің дамуына мүмкіндіктер мен жаңа жолдарды анықтайтынын айтып, сонымен қатар жолдауда айтылған қағидалардың жүзеге асатыны жайында нақты атап өтті.
Бірінші сынып оқушыларының мерекесі
“Бірінші сыныпқа қабылдау” танымдық мерекесі 2018 жылдың 18 қазаны күні №23 орта мектептің мемлекеттік тілде оқитын 1- сынып оқушыларына өткізілді. Балалар оқу жылының басынан неге үйренгендерін көрсетіп, жақсы оқып, мұғалімдер мен ата-аналарының мақтанышы болуға салтанатты түрде ант қабылдады. Іс- шараның соңында оқушыларға “Бірінші сынып оқушысы” атты атақ берілді.
“Алға қарай бас қадам!”
2018 жылдың 17 қазан күні “Абылай ханның резиденциясы” мұражай кешені қызметкерлерімен Петропавл қаласы №2 орта мектебінің 1 сынып оқушыларына “Алға қарай бас қадам!” мәдени-танымдық бағдарламасы өткізілді. Балалар барлық тапсырмалардан сүрінбей өтіп, бірінші сыныптың антын қабылдап, “Бірінші сынып оқушысы” деген атқа ие болып, мойындарына белгі тағылды.