Қазақстандық ұдтжандылықты тәрбиелеу

Жаңа оқу жылында кәсіби-орта білім беретін оқу орындарының бірінші курс студенттері “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінің жиі қонақтары болып табылады. 2018 жылдың 17 қазаны күні мұражай экспозициясымен Аққайың ауданының Қиялы аграрлық колледжінің, сондай-ақ, Петропавл теміржол көлік колледжінің студенттері танысты. Студенттер 18 ғасырдағы Қазақ хандығының аса маңызды саяси тұлғаларының бірі болып табылатын ұлы көшбасшы Абылайдың хан атануының тарихы жайлы құнды деректер алды. Абылайдың арқасында қазақ халқы өзінің ұлттық болмысын, тарихын және мәдениетін сақтап қалды.

Бірінші сыныпқа қабылдау

2018 жылдың 16 қазан күні “Абылай ханның резиденциясы” мұражай кешені қызметкерлерімен Петропавл қаласы №43 орта мектебінің 1 сынып оқушыларына “Алға қарай бас қадам!” мәдени-танымдық бағдарламасы өткізілді.

Мектепке дейінгі шақтан жаңа ғана шыққан қыздар мен ұлдар білім теңізіне кезігіп, бірінші қиындықтардан сүрінбей, жақсы деңгейде өтті. Балалар жасырылған жұмбақтарды шешіп, портфельге керекті мектеп құралдарын жабулы көзбен жинады.

Балалар екі топқа бөлініп, әріптер мен сандарды құрап, сонымен қатар өлкетану бойынша тапсырмаларды мүдірмей орындап шықты.

Балалар барлық тапсырмалардан сүрінбей өтіп, бірінші сыныптын антын қабылдап, “Бірінші сынып оқушысы” деген атқа ие болып, мойындарына белгі тағылды.

Көкшетаудан круиз

2018 жылдың 12 қазаны күні “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешеніне “Круиз” туристік агенттігінен Көкшетау қаласының оқушылары келді. Балалар мұражай экспозициясымен қызыға танысып, 18 ғасырдағы Қазақ хандығының тарихы жайлы, Абылай ханның қазақ халқының жеке дара дербес, мықты әрі тәуелсіз ел болуындағы атқарған қызметі мен рөлі жайлы өз білімдерін кеңейтті.

Басты міндетіміз – ұлтжандылықты тәрбиелеу

11 қазан күні Есіл ауданы әкімдігінің “Психолого-педагогикалық коррекция кабинеті” КММ бөлімі және Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің технология бөлімінің студенттері “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешеніне келді.

Өскелең ұрпақтың бойына ұлтжандылық сезімі мен рухани құндылықты, қазақ халқыныңтарихы мен салт-дәстүрлерін бойларына дарыту – мұражай қызметкерлерінің басты міндеті болып табылды. Балалар аса қызығушылықпен мұражай экспозицияларымен танысып, өз өлкелері туралы білімдерін толықтырды.

Қарттар – асыл қазынамыз

2018 жылдың 10 қазан күні жалпыхалықтық “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында, “Рухани қазына” бағыты бойынша “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінде Петропавл қаласы педагогика еңбегінің, денсаулық сақтау саласының, Киров атындағы зауыттың және басқа ұйымдардың ардагерлеріне арналған “Асыл қазына” атты қайырымдылық іс-шарасы өткізілді.

Қарттарға мұражай экспозициясы бойынша экскурсиядан бөлек, Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінен “Кел, балалар, оқылық” жылжымалы көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараның ерекшелігі – қалалық “Жас экскурсия жүргізуші” байқауының жүлдегерінің қатысуы еді. Тақ залында №2 орта мектебінің сегізінші сынып оқушысы Құрманғалиев Мирас экскурсовод ретінде жұмыс атқарды.