Мұражайда өткен демалыс

2018 жылдың 1 қазаны күні “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешеніне Петропавл қаласының “Юность” және “Олимп” балалар мен жасөспірімдер клубының оқушылры экскурсияға келді. Сондай-ақ, мұражайға Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим селосынан мектеп оқушылары, Петропавл қаласының ПГК жанындағы лицей оқушылары келді.

“Лига” ЖШС ұсынған “Дамаск болатынан жасалған авторлық суық қару-жарақ” көрмесі балаларға ерекше әсер қалдырды. Көрмеге қойылған өткір жүзді қарулар тек Қазақстанда ғана емес, шетелдерге де танымал. Сондай-ақ, оқушылар мың қабаттан жасалған дамаск болатын жасау әдісімен танысты.

Әр жүздің өзіндік құпиясы және сиқырлы күші бар. Балаларға Мұхаммед Пайғамбардың Зульфикар қылышы, Мәмлүк қылышы, сондай-ақ, Артур патшаның Экскалибур семсері туралы аңыздар мен әңгімелер қатты ұнады.

Мұражайда өткен демалыс

Мектеп демалысы уақытында “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінің белсенді келушілері қала және аудан мектептерінің оқушылары болды. 2018 жылдың 31 қазаны күні мұражайда Ғ. Мүсірепов, Қызылжар және Аққайың аудандарының, сонымен қатар Петропавл қаласының №9, №14 орта мектептерінің оқушылары болды. СҚО Кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілері мұражайға бірінші рет келіп отыр.

Балалармен жұмыс жасаудың басты мақсаты олардың жүрегіне патриоттық сезімді ұялату, Қазақстанның тарихына деген махаббаттарын ояту, туған өлкенің мәдениетіне, әдет-ғұрыптарына, ұлттық тұлғалардың істерін дәріптеуге баулу. Балалар XVIII ғасырда бүкіл қазақ халқының басын қосып, Қазақ хандығының мемлекет қайраткері Абылай хан өмірінің негізгі оқиғаларымен танысты.

Балалардың аса қызығушылықпен “Дамасск болатынан жасалған авторлық суық қару-жарақтар” көрмесін тамашалады.

Танымдық экспедиция қатысушылары

2018 жылдың 26 қазаны күні “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінде Шымкент және Қызылорда қалаларынан Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды. Балалар Петропавл қаласына Республикалық “Туған елге тағзым” жобасы аясында танымдық экспедиция қатысушылары ретінде келді.

“Алға қарай бас қадам!”

2018 жылдың 25 қазан күні “Абылай ханның резиденциясы” мұражай кешені қызметкерлерімен Петропавл қаласы №26 орта мектебінің 1 сынып оқушыларына “Алға қарай бас қадам!” мәдени-танымдық бағдарламасы өткізілді.

Балалар екі топқа бөлініп, әріптер мен сандарды құрап, сонымен қатар өлкетану бойынша тапсырмаларды мүдірмей орындап шықты.

Балалар барлық тапсырмалардан сүрінбей өтіп, бірінші сыныптын антын қабылдап, “Бірінші сынып оқушысы” деген атқа ие болып, мойындарына белгі тағылды.

Музыкалық сандық

2018 жылдың 25 қазаны күні “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінің қызметкерлері облыстық балалар ауруханасының стационарлық ем қабылдап жатқан балаларға "Күй әміршісі – домбыра" атты мұражай сабақ өткізді.

Ұлттық күйлер орындалып, балалар сандықтың ішінде қандай музыкалық аспап жасырып тұрғанын табулары тиіс болды. Балаларға сөзжұмбақ, мозайка, сондай-ақ, қобыз, даңғыра және домбыра аспаптарының қалай щыққандығы туралы аңыздар айтылды. Балалар қазақ домбырасының екі мың жыл бұрын пайда болғандығы туралы білді. Соған қарамастан, домбыра қазіргі күнге дейін өзінің қадір-қасиетін жоғалтқан емес. Ол өзге ұлт өкілдерінің аспаптарымен тең қолданылып келеді.

Тапсырамалардың ішінде балаларға 2018 жылдан бастан атала бастаған Ұлттық домбыра күнін табу ұсынылды.

Балалар көптеген мәлімет алып, әсерлі көңіл-күйде болды. Ал іс-шараның соңында оларға домбыра пішініндегі бетбелгі сыйға берілді.