“Әуенді аспаптар”
30 және 31 қаңтар күндері “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінің қызметкерлері “Ақ бота” және “Балапан” балабақшасының тәрбиеленушілеріне “Сиқырлы сандық” және “Музыкальный сундучок” атты мәдени-танымдық бағдарламасын өткізді.
Балаларға туған өлкенің дәстүрін, тарихы мен мәдениетін бойға сіңіре отыра, қызметкерлер балаларда рухани құндылықтарын, сондай-ақ, шынайы патриоттылықты қалыптастырады. Әр ұлттың салт-дәстүрімен, аспаптарымен танысу, балаларда ұлттық сана-сезімді оятады. Қазақ халқының мәдениетіне тән дыбыс, тембр, домбыраның үні әр балаға өз қоғамының, мәдениетінің бір бөлшегі екенін ұғынуға септігін тигізеді.