Дала өркениеті

Қазақстан Республикасының Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың “Рухани жаңғыру” мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2019 жылғы 15 наурыз күні “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінде Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ тарих ғылымдарының кандидаты С. Ы. Ыбыраевтың қатысуымен “Дала өркениеті” тақырыбында дәріс оқылды. Шараға Медицина колледжінің екінші курс студенттері қатысып, дәріс музей залдары бойынша экскурсия тыңдаумен жалғасын тапты.

Наурыз мерекесі қарсаңында

4 наурыздан бастап Наурыз мерекесін тойлау аясында “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінде ұлттық киім апталығы өткізіледі.

Мереке қарсаңында мұражай қызметкерлері қазақтың ұлттық киімінде экскурсия жүргізеді. Мұражай экспозициясымен ҚР Ұлттық Ұлан Әскери институтының курсанттары, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей Федерациясы білім беру саласының қызметкерлері танысты.

“Құндылықтар қайнары” мұражайлық сабақ

Елбасының “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында 2019 жылдың 14 наурыз күні 20-шы орта мектебінде “Құндылықтар қайнары” мұражайлық сабақ өткізілді. Мұражай сабағында: Өскелең ұрпақтың қазақ халқының тарихы мен мәдиниетіне қатыстылы сезімін, Отан сүйгіштік сезімін ояту. Қазақ халқының дәстүрлі үй-жайын, ұлттық ойындарын, дәстүрлерін (киіз үйлердің макетін, этнографиялық жәдігерлерді, қазақ халқының киімдерін, ыдыс – аяқтарын қолданып) балаларға таныстырылды.

“Нұрсәт” балабақшасына арналған экскурсия

12 және 13 наурыз күндері “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінде “Нұрсәт” балабақшасының тәрбиеленушілеріне экскурсия ұйымдастырылды.

Аяулы арулар

2019 жылдың 05 наурыз күні 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай, Бірінші лицейдің 4 - сынып оқушыларына интерактивті іс-шара өткізілді.

Шағын театрландырылған көрініс сүйікті ертегі кейіпкерлері өткізген топтық сайыстарға толы болды. Көңілді әуен, керемет көңіл-күй және ұлдардың белсенділігі көктем мерекесіне орай сыныптас қыздарға жақсы сыйлық болды.