Мұражайдағы тарих сабағы

03 наурыз күні Елбасының “Ұлы Даланың жеті қыры” мақаласы аясында “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінде “Назарбаев Зияткерлік мектебі” ДББҰ оқушыларына “Лига” ЖШС директоры, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Жаворонков В. П. қатысуымен кездесу өтті. Балалар дамаск болатынан жасалған суық қару – жарақ экспозициясымен, сондай – ақ, әр қарудың шығу тарихымен танысты.

Алғыс айту күні

1 марта 2019 года в Музейном комплексе “Резиденция Абылай хана” проведено мероприятие приуроченное к празднованию Дня благодарности.

Ребятам из Карагандинской, Павлодарской и Костанайской областей – участникам Республиканского конкурса юных акынов, прочитана лекция, которая сопровождалась показом художественного фильма “Жерұйык” – “Земля обетованная”, в котором ясно отражен тяжелый период департации многих народов в Казахстан.

“Адон-Север”

28 ақпан күні Абылай хан мұражайында Қостанай облысы Рудный қаласының білім беру басқармасының қызметкерлеріне, сондай-ақ, “Адон-Север” қоғамдық бірлестігінің тәрбиеленушілеріне экскурсия ұйымдастырылды.

Қонақтар мұражай кешенінің экспозициясымен, сонымен қатар М. Жұмабаев ауданының “Қолөнер – сырлы өнер” этнографиялық көрмесімен танысты.

Шетелдік қонақтар

2019 жылдың 26 ақпаны күні “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешеніне Петропавл қаласына “Көктем” командалық – штабтық оқуларға қатысуға Түмен және Омбы облыстарының ТЖМ мен СҚО ТЖД қызметкерлеріне экскурсия өткізілді.

Сондай – ақ, мұражай экспозициясымен СҚМУ “Жоғарғы медицина мектебі” факультетінде оқитын Үндістаннан келген студенттер танысты.

“Қолөнер – сырлы өнер”

22 ақпан күні “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында Мағжан Жұмабаев ауданының тарихи – өлкетану мұражайы ұйымдастырған “Қолөнер – сырлы өнер” атты көрмемен Петропавл қаласы №42 орта мектептің 9 – сынып оқушыларына танысты.

Этнографиялық жәдігерлер өткен ғасыр адамдарының өмірі мен тұрмысынан көрініс береді. Теріден, сүйектен, тас пен ағаштан жасалған қол диірмен, қобдиша, торсық, салт жасауға арналған кесе және тағы да басқа жәдігерлер ұсынылды. Барлық құнды заттарды Мағжан Жұмабаев атындағы ауданның тұрғындары сыйға тартты.