15 қараша – Ұлттық валюта күні

Биыл теңгенің айналымға кіргеніне 25 жыл толып отыр. Теңге бүгінгі күні Қазақстанның болашағы мен жаңа тарихының толыққанды бөлігі, тәуелсіздіктің белгісі мен экономикалық негізі болып табылады.

2018 жылдың 15 қарашасы Қазақстанның Ұлттық валюта күні “Абылай хан резиденциясы”мұражай кешенінде Қазақстан Республикасының естелік ақшалары ұсынылған шағын көрме ұйымдастырылды.

Көрмемен бірінші болып Әбу Досмұхамедов атындағы дарынды балаларға арналған гимназия-интернатының оқушылары мен Бескөл ауылы №2 орта мектебінің “Сардар” кадет сыныбының тәрбиеленушілері танысты.

“Ұрпақтар сұхбаты” акциясы

2018 жылдың 14–15 қарашасы күні “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінде Солтүстік Қазақстан облысының Қорғаныс істері жөніндегі Департаментіпен бірге “Диалог поколений” атты акция өткізіледі. Іс-шара қатысушылары – облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 10–11 сынып оқушылары мен алғашқы әскери дайындық оқытушылары. Отанымыздың болашақ қорғаушыларымен сұхбат құруға Қарулы Күштердің ардагерлері шақырылды.

Мұражай кешеніне дейін балалар №6637 әскери бөлімінде болып қайтты. Жігіттер қазіргі кездегі әскери өмірмен танысты: өткізу пункті, плац, оқу және казарма бөлімдері, жауынгер тағамын ұсынған асхана.

Іс-шара жас ұрпақ арасында патриоттық және рухани құндылықтарды тәрбиелеуге бағытталған. Шынайы патриоттылық өз туған жеріне, оның тарихына және мәдениетіне деген махаббат, мақтаныш пен адалдық сезіммен, өз Отанын алдындағы азаматтық борышпен өлшенеді.

Осы мақсатпен де балаларды Ұлы Мемлекет қайраткері, ержүрек қолбасшы, көреген саясатшы Абылай ханның өмірінен негізгі оқиғалар баяндалатын мұражай кешені экспозициясымен таныстыру жоспарланды. Ұлы Абылай ханның қызметінің арқасында қазақ халқы өзінің ұлттық болмысын, салт-дәстүрін, тарихы мен мәдениетін сақтап қалды. Нәтижесінде, оның барлық қызметі мен істері Тәуелсіз Қазақстанның құрылуына алып келді.

Форум қатысушылары мұражайда

2018 жылдың 09 қарашасы күні Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында XV өңіраралық Форумы аясында “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінің экспозициясымен Қалмақ Республикасы, Ульянов, Волгоград, Омбы және Орынбор облыстары мен Сургут қаласының делегация мүшелері танысты. Сондай-ақ, мұражайға Астана, Өскемен, Павлодар қалаларының медициналық мекеме қызметкерлері экскурсияға келді. Мұражайымызға Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының Жәңгір хан атындағы тарихи-этнографиялық мұражай директоры қонақ болды.

Новосібір облысының губернаторы – мұражай қонағы

2018 жылдың 09 қарашасы күні Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында XV өңіраралық Форумы аясында “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешеніне Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімі М. Ж. Абишевтің ертуімен Новосібір облысының губернаторы А .А. Травников экскурсияға келді.

Форум қонақтары

2018 жылдың 07 қарашасы күні Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының XV өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында «Абылай хан резиденциясы» музей кешеніне Мәскеу, Новосібір қалалары мен Саратов облысы, Алтай өлкесі және Қырым Республикасынан делегация өкілдері экскурсияға келді.