Жастар арасында ұлтжандылықты тәрбиелеу

2018 жылдың 09 қазаны күні “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешеніне Солтүстік Қазақстан медициналық колледжі, Петропавл құрылыс экономикалық колледждерінің бірінші курс студенттері экскурсияға келді.

Балалар 18 ғасырда Қазақ хандығының тарихы, мемлекеттің күшті, тәуелсіз және азат ел атануында Абылай ханның рөлі туралы өз білімдерін кеңейтіп, мұражай экспозициясымен танысты. Жастармен жұмыс жасаудағы басты мақсат өз жерінің тарихы, мәдениеті мен дәстүріне қызығушылық пен құрмет сезімін ұялату болып табылады.

Сондай – ақ, студенттерге Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінің “Кел, балалар, оқылық!” жылжымалы көрмесі ұсынылды.

Қарттарым – асыл қазынам

2018 жылдың 05 қазаны күні СҚО әкімдігі әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту, координациялар басқармасы “Мүгедектерді оңалту орталығы” КММ емделушілері “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешеніне келді. Қонақтар бүкіл қазақ хандығын біріктіруші, XVIII ғасырда Қазақ хандығының ұлы мемлекет қайраткері, Абылай ханның өміріне байланысты неігзі оқиғалармен танысты. Сонымен қатар қонақтар Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінің “Кел, балалар, оқылық!” жылжымалы көрмесін тамащалады.

1 қазан – “Қарттар күні”

1 қазан күні “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінде Қарттар күніне арналған “Қарттарым – асыл қазынам” интерактивті іс-шарасы өткізілді.

Қонақтарды құрметтеу, құттықтау және мұражай қызметкерлерімен өткізілген “Біздің сүйіктілер” атты қатысушылардың мәліметтері бойынша жасалған бейнероликтен басталды. Бейнероликке қарттардың фотосуреті, сонымен қатар жақындарының оларға деген лебіздері білдірілді. “Егде жастағы” қарттарға жасаған игі істері үшін алғысымызды білдірдік. Қарттардың көбі қазіргі күнге дейін қоғам үшін, халық үшін көптеген игі істер жасап жатыр.

Қазіргі ұрпақ ата-бабаларымыз жасап кеткен істерді жалғастыруда.

Іс-шараның соңында қонақтар мұражайдың экспозициясымен танысты.

Жастар арасында ұлтжандылықты тәрбиелеу

 2018 жылдың 28 қыркүйегі күні “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешеніне Аққайың ауданының Ленинский орта мектебінің оқушылары, сондай-ай, Солтүстік Қазақстан медициналық колледжінің студенттері экскурсияға келді.

Балалар қазақ халқын біріктіруші, XVIII ғасырдағы Қазақ хандығының ұлы мемлекет қайраткері Абылай ханның өміріне қатысты оқиғалармен танысты.

Сондай-ай, балаларға Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінің “Кел, балалар, оқылық!” атты жылжымалы көрмесі ұсынылды.

Жас ұрпақпен жұмыс жасау кезіндегі негізгі мақсаты балаларға өз жеріне, өлкесіне, оның тарихы, мәдениеті, салт-дәстүріне, өз Отанына деген махаббат, құрметі анық көрінетін шынайы ұлтжандылық сезімін тәрбиелеу болып табылады.

“Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері”

27 қыркүйек күні “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінің қызметкерлері “Аққайың” балабақшасының тәрбиеленушілеріне “Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері” атты мәдени-танымдық бағдарлама өткізді. Іс-шара барысында балалар сәндік-қолданбалы өнердің үлгілері және түрлерімен танысты. Балалар қолданбалы өнер шеберлерінің жұмыстарымен танысып, өздері де кілем тікті. Сондай-ақ, ою-өрнек түрлерін біліп, ұл бала мен қыз баланың ұлттық киімдерін оюмен безендіруді үйренді. Естелікке балабақша тәрбиеленушілері ұлттық оюдың бояу қағазын алды.