Мұражай қонақтары

 2018 жылдың 28 тамызы күні “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешеніне “Сегіз Серінің шекпенін сыйға қабылдау” салтанатты іс-шарасына келген Астана, Алматы, Қарағанды қалаларынан қонақтар келді. Сондай-ақ, мұражай экспозициясымен Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінде ұйымдастырылған дөңгелек үстелдің қатысушылары – Чехия Республикасының делегациясы танысты.

“Ата заң – алтын тұғырымыз”

27 тамыз Қазақстан Конституциясы күні қарсаңында мұражай кешенінің қызметкерлері Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар Департаменті кәсіби дайындық мектебінің ұстаздары мен тыңдаушыларына Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған “Ата заң – алтын тұғырымыз” атты жылжымалы көрме ұсынып, дәріс оқыды. Дәріс барысында өртке қарсы қызметінің қызметкерлері қазақ қоғамындағы заң жүйесінің пайда болуымен танысып, Қасым ханның - қасқа жолы мен Есім ханның – ескі жолдарын талқылады. Тарихи заңдылықпен қазыргі Қазақстан Республикасының Конституциясы байланысы ақтарылды.

Киелі Түркістан жәдігерлері

2018 жылдың 17 тамызы күні өртке қарсы қызметі кәсіби дайындық мектебінің жас мамандары “Әзірет Сұлтан” Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының “Киелі Түркістан” жылжымалы көрмесімен танысты. КДМ қызметкерлері Қожа Ахмет Ясауидің баға жетпес мұрасымен танысып, киелі Түркістан қаласының тарихи жәдігерлерін тамашалады.

Тарихи мұраны насихаттау

2018 жылдың 17 тамызы күні “Әзірет Сұлтан” Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының “Киелі Түркістан” жылжымалы көрмесімен Петропавл қаласының ІІБ-на қарасты Жол патрульдік қызметінің қзметкерлері танысты. Түркістанның Қазақстан тарихында алатын тарихи, рухани-мәдени рөлін біліп қайтты.

Мектепке дейінгі тәрбие мұражайдан басталады

2018 жылдың 16 тамызы күні “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында “Арман” балабақшасының тәрбиеленушілері “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешеніне келді. Сонымен қатар іс-шара “Абылай хан резиденциясы” КМҚК 10-жылдығына орайластырылған. Мұражай қызметкерлерінің экскурсия жүргізудегі басты мақсаты – мектепке дейінгі балаларды қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен оның тарихын білуге, тәрбиенің негізі ұлтжандылық пен рухани құндылықтарды баулу. Балалар мұражай экспозициясымен қызыға танысып, туған өлкенің тарихын білді. Экскурсия мәресіне жеткесін, балалар ұлттық алтыбақанда тербелді.