Ресей қонақтары “Киелі Түркістан” көрмесінде

03 августа 2018 года музейный комплекс “Резиденция Абылай хана” посетили сотрудники правоохранительных органов г. Омска РФ, которые находились в областном центре в рамках сотрудничества и обмена опытом. Помимо ознакомления с экспозицией музея, гостям была представлена передвижная выставка “Священный Туркестан” Государственного историко-культурного музея-заповедника “Азрет Султан”.

Өрт сөндіру құтқарушылары мұражай нысандарымен танысты

2018 жылдың 1 тамызы күні “СҚО ТЖД өрт сөндіру және құтқару жұмыстары қызметі” ММ №3 арнайы өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінің нысандарымен танысып қана қоймай, “Әзірет сұлтан” мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының “Киелі Түркістан” жылжымалы көрмесін тамашалады.

Шетелдік делегация

2018 жылдың 29 шілдесі күні “Абылай хан Резиденциясы” мұражай кешенінде Қытай Республикасынан қонақтар болды. Мұражай кешенінің экспозициясынан бөлек қонақтар “Әзірет Сұлтан” мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің “Киелі Түркістан” жылжымалы көрмесімен танысты.

Түркістан қаласының көп ғасырлық тарихы

2018 жылдың 29 шілдесі күні ҚР Ұлттық Гвардиясы Әскери институтының курсанттары мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің “Киелі Түркістан” жылжымалы көрмесімен танысты. Курсанттар Қабанбай батырдың 18 ғасырға тиесілі қанжарын қызыға тамашалап, Қожа Ахмет Ясауидің құнды мұраларымен танысты.

Балабақшадағы “Таңғажайып балалық шақ”

2018 жылдың 27 шілдесі күні “Нұрсат” балабақшасының тәрбиеленушілеріне “Таңғажайып балалық шақ” атты мәдени-танымдық бағдарламасы ұйымдастырылды.

Балаларға қонаққа жолда жүру ережесінен хабары жоқ көңілді миньондар келді. Миньондар қиын жағдайда қалмау үшін балалар оларға қауіпсіздік ережелерінің негізгі қағидаларын үйретті. Сондай-ақ, балалар өзге ғаламшарлық достарын қаланың көрікті жерлерімен таныстырды. Балақайлар сайыстар мен танымдық жарыстарға қызыға әрі аса белсенділікпен қатысты.