№1 мектеп-интернатына арналған іс-шара
“Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында, 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінде №1 коррекциялық мектеп-интернатының ерекше білім беру қажеттіліктері бар, сондай-ақ, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға іс-шара өткізілді. Балалар көңілді миньондармен достасып, туған қаланың көрікті жерлеріне саяхат жасап, жолда жүру ережелерін қайталады. Балалар мерекелік және көңілді эмоциялық ахуалда болып, ойындар мен викториналарға қуана қатысты.