“Мир человеческих отношений” мұражай сабағы

2018 жылдың 10 шілдесі күні Солтүстік Қазақстан облысы Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында “Мир человеческих отношений” мұражай сабағы өткізілді. Сабақ барысында балалар өз-өздерін, рухани-адамгершілік мәдениетті дамытуға арналған психологиялық тренингтерге қатысып, өмірлік жайттар туралы пікір таластырды.

Астана қаласының 20 жылдығы мен қала күнінің тойлануы

2018 жылдың 06 шілде күні қаланың орталық алаңында Астана қаласының 20 жылдығына орай қала тұрғындарына және қала қонақтарына арналған “Менің елім” атты жылжымалы көрме және суретке түсу үшін жартылай киіз үй фото аймағы қойылды.

2018 жылдың 08 шілде күні қалалық орталық алаңында қала қонактарына арналған “Тәуелсіздік туын биік көтерген – Абылай хан” атты жылжымалы көрме қойылды. Тақта отырған Абылай ханмен фото аймағы ұйымдастырылды.

Фуджейра қонақтарының келуі

2018 жылғы 05 шілде күні Есіл ауданының Красный бор аңшылық орталығында Фуджейра эмират қонақтарының келуіне орай “Қазақ батырларының қару-жарақтары”, “Аңшылық” және “Қазақ халқының зергерлік бұйымдары” сынды көрме ұйымдастырылды. Көрмеде сонымен қатар интерактивті алаң жұмыс жасады: қыран құсы, тазы иттермен суретке түсу және зергерлік бұйымдар жасау шеберлігі.

Біз – өз Отанымыздың бақытты балаларымыз

Астана қаласының 20-жылдығына орай “Абылай хан Резиденциясы” мұражай кешенінің қызметкерлері облыстық балалар ауруханасының емделушілеріне “Біз – өз Отанымыздың бақытты балаларымыз” атты интерактивті іс-шарасын өткізді. Балалар ұлтжандылық пен өз еліне деген махаббатты тәрбиелеуге бағытталған ойындарға, викториналар мен сайыстарға қатысты.

Астана қаласының 20-жылдығы қарсаңында

Жалпыхалықтық “Рухани жаңғыру” бағдарламасына орай, Астана қаласының 20-жылдығы қарсаңында 2018 жылдың 5 шілдесінде “Абылай хан Резиденциясы” мұражай кешеніне “Петропавл қ. әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” КММ қызметкерлері экскурсияға келді. Мұражай экспозициясынан бөлек ол Түркістан қаласынан “Киелі Түркістан” атты жылжымалы көрмесімен танысты.