Мағжанның ұлы мұрасы – ұрпақтар бірлігінің негізі

2018 жылдың 26 сәуір күні “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінде Мағжан Жұмабаевтың 125-жылдығына орай “Мағжанның ұлы мұрасы – ұрпақтар бірлігінің негізі” әдеби-сазды іс-шарасы өткізілді. Іс-шараға Мағжан Жұмабаевтың ұрпағы – Бекенов Т. С., М. Жұмабаев атындағы колледждің оқытушылары мен студенттері, облыстық архив және мұражай қызметкерлері қатысты. Тақырыптық көрме ұйымдастырылды. Көрмеде Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен қызметі жайында архив құжаттары ұсынылды. Іс-шарада ақынның туған жеріне, еліне деген шынайы махаббаты суреттелетін өлеңдері мен әндері орындалды.

“Бір шанырақ астында”

2018 жылдың 24 сәуірінен бастап “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінде біздің көпұлтты мемлекетіміздегі бейбітшіліктің, достық пен келісімнің белгісі болған – Қазақстан халықтарының бірлігі күні қарсаңында қала мектептерінің оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілеріне арналған “Бір шаңырақ астында” атты интерактивті іс-шара өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпаққа ұлтжандылық, рухани-адамгерщілік қасиеттерін қалыптастырып, достықта, махаббат пен келісімде өмір сүруге тәрбиелеу. Балалар әр ұлттың өкілдерімен кездесіп, әр түрлі тілде амандасуға үйренді. Балалар ұлттық әндерге би билеп, түрлі ұлттық ойындарға қатысты.

Мереке бейбітшілік пен бірліктің символы болған көпұлтты Қазақстан халқының тамаша дәстүріне айналды.

Сондай-ақ, балалар мұражай экспозициясымен танысты. Іс-шара соңында балалар қазақ халқының дәстүрлі алтыбақанында көңіл көтерді.

2018 жылғы 10 қаңтарындағы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы “Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері”.

2018 жылдың 20 сәуірі күні “Абылай хан Резиденциясы” мұражай кешенінде ҚР Ұлттық гвария құрамына енген №6637 әскери бөлімнің әскери қызметкерлерінің қатысуымен 2018 жылғы 10 қаңтарындағы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды. Бағдарламаның соңында мұражай залдары бойынша экскурсия өткізілді.

“Ұрпаққа ұран – ұлы тұлғалар”

2018 жылдың 19 сәуірі күні №12 мектебінің 2 сынып оқушылары үшін Отан қорғаушылар күніне орай “Абылай хан Резиденциясы” мұражай кешенінде “Ұрпаққа ұран – ұлы тұлғалар” атты іс – шара өткізілді. Алдымен оқушылар “Қазақ батырлары” тақырыбында мұражай экспозицияларымен танысты. Кейін олар үшін “казармадағы сарбаздар” бағдарламасы ұйымдастырылды. Жарысқа барлық оқушылар белсене қатысты. Олар шифрограмманы шешу, авиабомбаны зарарсыздандыру, әскери жаралармен атысу, түйме тігу, өз капитанын тастамай, топта жұмыс жасау қабілеттерін шыңдады. Жарыс соңында балалар майдандық үшбұрышты хаттар жасап үйренді. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды. Мұражай территориясында балаларды тағы бір тосынсый –дәстүрлі алтыбақан күтті.

Мұражайда Халықаралық тарихи орындар мен ескерткіштерді қорғау күні.

Бүгін, 18 сәуір Халықаралық тарихи орындар мен ескерткіштерді қорғау күніне орай , “Абылай хан Резиденциясы” мұражай кешенінде бірінші гимназияның 1 “Б” сынып оқушылары мен Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің 1 курс студенттеріне арналған “Қасиетті бабамның үйі” атты мұражай сабағы өтті.