Ризашылық күні

2018 жылғы 1 наурыз “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінде “Рухани жаңғыр” жобасының “Рухани қазына” бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Ризашылық күні қайырымдылық шара өтті.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің реабилитациялық орталығының емделушілері және темір жол колледжі студенттері мен қала қонақтары мұражай кешенінде болып қайтты.

Мұражайға келушілерге Қазақстан халықтарының қиын-қыстауға толы ауыр жылдарын бейнелейтін “Жерұйык” – “Земля обетованная” атты көркем фильм ұсынылып, сонымен қатар көрермендер мұражай экспозициясымен танысты.

Ата-аналарға арналған мұражай сабақ

2018 жылдың 27 ақпаны “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінде “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында, Қожаберген бабамыздың туғанына 355 жыл толуына орай, жырау атындағы № 6 қазақ орта мектебінің ата-аналарына “Дауылпаз баба-Қожаберген” жырау тақырыбына мұражай сабағы өткізілді. Іс-шара халықаралық “Бала шабыты” байқауының жеңімпаздары “Мұрагер” ансамблінің өнер көрсетуімен басталды.

Ата-аналарға қазақ мемлекеттігін қалыптастыруда ерен еңбек сіңірген ерекше тұлға “сегіз қырлы, бір сырлы” дара дарын Қожаберген бабамыз туралы мағлұмат беріліп, қорытынды жасалды.

Қожаберген бабамыз өз кезінде туған жерін жат жұрттың шапқыншылығынан қорғап, қалың жауға қарсы қол бастаған қас дұшпанға қарсы қол жинап, елін, жерін сақтаған көреген елші, кемеңгер ойшыл болған данагөй.

“Асыл қазына”

2018 жылдың 21 ақпаны «Абылай хан резиденциясы» мұражай кешенінде, Жалпыұлттық «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен негізгі «Рухани қазына» бағытын жүзеге асыру мақсатында «Қарттар мен мүгедектерге арналған Смирнов жалпы үлгідегі интернат-үйі» КММ қамқоршыларына арналған «Асыл қазына» атты қайырымдылық іс-шарасы өткізілді.

Қарт адамдарға арнап мұражай залдары бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шараның басты бөлігі бұл тақ залында. Бұл жерде С.Шаймерденов атындағы қалалық мектеп-гимназиясының жетінші сынып оқушысы Меруерт Әшімова қонақтарға арнап экскурсия жүргізді.

Меруерт екі жыл көлемінде Абылай хан мұражайындағы «Жас экскурсия жүргізуші» үйірмесіне қатысып келді. Үйірменің басқа да мүшелерімен бірге ол Петропавл қаласының мәдени және тарихи жерлерімен танысты. 2017 жылдың соңында «Абылай хан резиденциясы» мұражай кешенінде жас экскурсия жүргізушілерінің қалалық сайысында Меруерт жеңімпаз атанып, 1 орын иеленген болатын.

Алдағы уақытта да мұражайда тақырыптық экскурсия өткізуге жас экскурсия жүргізушілерін дайындау жоспарланып отыр.

“Мир человеческих отношений” мұражай сабағы

2018 жылдың 08 ақпанында “Бэст” гимназиясының 5 сынып оқушыларына мұражай сабақ өткізілді. Сабақ барысында балалар өз-өздерін, рухани-адамгершілік мәдениетті дамытуға арналған психологиялық тренингтерге қатысып, өмірлік жайттар туралы пікір таластырды.

“Батыр Қожаберген жырау” мұражай сабағы

“Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында 2018 жылдың 7 ақпан күні С.Радонежский атындағы мектепте 5–8 сынып оқушыларына “Батыр Қожаберген жырау” мұражай сабағы өткізілді. Мұражай сабақ барысында мынадай міндеттер қойылды: балалардың жүрегіне патриоттық сезімді ұялату, ұлттық тұлғалардың істерін дәріптеуге баулу, Қазақстанның тарихына деген махаббаттарын ояту. Лекциямен қатар сабақта “Жау жүрек мың бала” фильмінен үзінді көрсетіліп, қазақ батырларының қару-жарақтарынан шағын көрме ұйымдастырылды.