“Тәуелсіз елдің ұланымыз” мұражай сабағы

Мұражай қызметкерлері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің студенттеріне мұражай сабақ өткізді.

Мереке қарсаңында Корнеев гимназиясының, №12, №7 орта мектеп оқушылары мен Солтүстік Қазақстан жанындағы колледжі мен медициналық колледж студенттері “Тәуелсіз елдің ұланымыз” атты мұражай сабаққа қатысты.

8 желтоқсан “Еркем-ай” балабақшасының тәрбиеленушілеріне Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған “Тәуелсіз елдің ұланымыз!” атты мұражай сабақ өткізілді.

“Ел тірегі – Елбасы” мұражай сабағы

2017 жылдың 28 қараша күні “Абылай хан Резиденциясы” мұражай кешенінде Тұңғыш Президент күніне орай қазақ-түрік лицейі оқушылары мен “Нұр-бөбек” балабақша тәрбиеленушілеріне “Ел тірегі – Елбасы” атты мұражай сабағы өткізілді. Іс-шараға Тайынша ауданының Краснополянский мектебі, Петропавл қаласының № 7, 9, 2 мектептері, Әл-Фараби мектеп-лицейі, “Лорд” мектеп-лицейі, қазақ-түрік лицейі, Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп интернатының оқушылары қатысты.

Дөңгелек үстел “Егемен елдің кемеңгер басшысы”

2017 жылғы 27 қараша күні “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінде “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған “Егемен елдің кемеңгер басшысы” атты дөңгелек үстел өтті. Шараға Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің “Қазақстан тарихы және әлеуметтік – гуманитарлық” кафедрасының доценттері, тарих ғылымының кандидаттары, тарихи мұражайының директоры мен студенттері, Әл Фараби лицейінің ұстаздары мен оқушылары қатысты.

“Ел тірегі – Елбасы”

Тұңғыш Президент күніне орай “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінде 2017 жылғы 21 қарашадан бастап “Ел тірегі – Елбасы” тақырыбында музей сабақтары өткізілуде. Іс-шараны Петропавл қаласының “Нұрсат”, “Достық”, “Ашық аспан”, “Нұр-бөбек” мектепке дейінгі ұйымдары тамашалады.

“Елбасы – ел мақтанышы”

2017 жылғы 14 қараша 11:00 де Абылай хан резиденциясы мұражай кешенінде Елбасы – ел мақтанышы атты мемлекеттік Қазақстан Республикасының Президенті күніне арналған көрменің ашылуы өтті. Алғашқылар болып №13 орта мектептің оқушылары қатысты.

“Елбасы – ел мақтанышы атты жаңа көрме көрермендерге еліміздің тұғыры мен қатар Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаяны жайында да сыр шертеді.