Мен қазақпын

2017 жылғы 12 маусым күні «Туған жер» бағдарламасы төңірегінде халық өнерін  насихаттауға арналған «Мен қазақпын» атты республикалық дәстүрлі ән, терме және күй мега-жобасы байқауының қатысушыларымен мұражай кешенінің алаңында театрландырылған қойылым өтті. Шара мұражай залдарымен танысумен жалғасын тапты.

Жобаның мақсаты: еліміздің үпкір-түпкірлеріндегі дәстүрлі әнші, термеші, күйшілердің басын бір арнаға тоғыстырып, еліміздің әр аймағында қалыптасқан өнер мектептерінің таңдаулы туындыларын дәріптеу мақсатында атадан-балаға мұра болып келе жатқан төл өнеріміз-күй, жыр-термені дамытып, заманға сай жаңашылдандырып, өскелең ұрпаққа насихаттау.

“Тарих толқынында” квест-ойыны

Іс-шараның мақсаты:

  • Қазіргі ұрпаққа Абылай хан және оның Қазақстан тарихында алатын орны туралы қызықты түрде жеткізу
  • Бос уақытты өткізудің жаңа интеллектуалды-мазмұнды түрлерін дамыту

Квесттің тапсырмалары:

  • Тарихты тану және өлкетану бойынша білімдерін кеңейту
  • Музейді бос уақытты өткізудің бірден-бір объектісі ретінде жариялау

Квест-ойыны “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінде 2017 жылғы 18 мамырда өтті. Ойынның басында 3–4 адамнан тұратын топқа, сонымен қатар жалғыз ойыншыға да барлық тапсырмалар жазылған “Саяхатшы кітапшасы” тапсырылады. Бірінші залда ойыншылар жасырылған сөздің “Торсық” барлық негізгі әріптерін жинап алулары тиіс. Тапсырманы орындағаннан кейін келесі залдағы – киіз үйді құрастыру тапсырмасын орындайды, кейін көптеген қиын тапсырмаларды мұқият орындап, ойыншылар алғырлықтарының, зеректіліктерінің арқасында Абылай ханның тура өзіне ең басты сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болады. Ойын мемлекеттік тілде жіне орыс тілінде өткізілді.

Жеңімпаздар сыйлықтарға ие болды. Ойынға барлығы 250 адам қатысты.

Сырымбет – қасиетт қара қоныс

2017 жылғы 25 шілдеде СҚО әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен “Абылай хан резиденциясы” қызметкерлері Ш.Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық мұражаймен бірлесе отырып “Сырымбет – қасиетт қара қоныс” атты квест-ойыны өткізілді. Іс-шараға Сырымбет ауылының тұрғындары мен Айыртау ауданының жетімдер және ата-ана қамқорынсыз қалған балалар мектеп-интернатының тәрбиеленушілері қатысты.

Жобаның мақсаты мен тапсырмалары:

  • Қазіргі ұрпаққа ХІХ ғасырдың ұлы тұлғасы Ш.Ш.Уалиханов туралы, оның Қазақстан тарихындағы  маңызы жөнінде  қызықты түрде жеткізу.
  • Өскелең ұрпаққа туған жеріне деген қызығушылықтарын, махаббатын, намысын қалыптастыру.
  • Әр азаматтың «Кіші Отанына» деген патриоттық сезімдері мен жауапкершілігін арттыру.
  • Өлкетану бойынша білімдерін кеңейтіп, өз жерінің мәдени мұрасын, өз халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын біліп, қастерлеуге ынталандыру.
  • Айғаным музей-қонысын қызықты да, танымдық туристік объект ретінде жария ету.

Іс-шара квест ойыны түрінде өткізілді. Ойынның бұл түрі қатысушылардың қызығушылықтарын арттырып, мүмкіндіктерін көрсетуге арналған.  Ойынның тапсырмалары жас ерекшеліктеріне сай өңделді. Ойыншылар Айғаным қонысының аясындағы Ш.Уәлихановтың бейнесі бар естелік  медальондарды өз қолдарымен жасады.  Ойын өте қызықты да танымдық  мазмұнда өтті. Іс-шара барысында ойыншылар ХХІ ғасырдың ұлы тұлғасы Ш.Ш.Уалиханов туралы, оның Қазақстан тарихындағы  маңызы жөнінде  қызықты түрде тани білді. Квест-ойыны әр адамның өзінің Отанына деген патриоттық сезімдерін,  махаббатарын, намысы мен жауапкершіліктерін арттыру.  Ойынның тапсырмалары ойыншыларды достыққа  және ұжымшылдыққа баулыды. Іс-шара сәтті өтіп, қатысушылар сыйлықтарға ие болды.

“Фараб – Отырар өркениеті” көрмесі

Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің “Фараб – Отырар өркениеті” атты тақырыптық көрмесі “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінде 2017 жылғы 19 қыркүйек күнінен 31 қазан аралығында “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінде өткізіледі.

Көрменің мақсаты “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарын тарихқа бай, казах өркениетінің алтын шыңы болып табылатын Отырар қаласының тарихымен таныстыру.

Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайының өкілдері, Солтүстік Қазақстан облысы мәдениет және құжаттамалар басқармасының қызметкерлері, СҚМУ мұғалімдері, өлкетанушылар, СҚМУ мен гуманитарлы-техникалық колледж студеттері және жергілікті БАҚ қатысты.

Солтүстікқазақстандықтардың атынан көрменің ашылу салтанатына Солтүстік Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасының басшысының міндетін атқарушы З.Т.Нұрмұқанова, СҚМУ мұғалімі, тарих ғылымдарының кандидаты А.А.Плешаков, “Асыл мұра” ғылыми орталығының басшысы Т.А.Сүгірбаев сөз сөйледі. Барлық қатысушылар Отырар мұражайының көрмесін ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Отырар мемлекеттік археологиялық мұражай қорығының зерттеу бөлімінің меңгерушісі Е.Т. Шоқай Отырар және оның Қазақстан тарихындағы өзіндік орны туралы, қаланың археологиялық зерттеулері туралы айтты.

Көрмеге IX–XIX ғасырларға жататын 132 жәдігер қойылды. Олардың ішіндегі ең құндылары — керамикалық ыдыс–дастархан, сазды майшамдар, қытайлық фарфор, күміс пен қоладан жасалған ақшалар, зергерлік бұйымдар. Көрмеге Отырарда өңдірген шыныдан жасалған ыдыстардың бөлшектері қойылды. Отырардың тарихы мен ерекшеліктері туралы Отырар археологиялық мұражай қорығының экскурсия жүргізушісі айтып берді.

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары сіздерді “Фараб – Отырар өркениеті” атты көрмеге шақырамыз!

“Жастар жастар үшін. XXI ғасыр музейі” жобасының III кезеңі

26.04.2017 ж. “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінде “Жастар жастар үшін. ХХІ ғасыр мұражайы” жобасының жалғасы болып келетін “Би – рух тыныс” би фестиваль-байқауы өтті. Байқау бағдарламасында барлығы 6 би ұжымы бақ сынасып, 8 би нөмірі көрсетілді. Фестиваль-байқауды “Тенгри” би ансамблі “Нәзігім” атты  нөмірімен ашты. Қатысушыларды қолдауға барлығы 100 астам көрермендер келді.

Жобаның мақсаттары мен міндеттері:

  • Жастарға шығармашылық қызметте қолдау көрсету.
  • Қазақ халқының мәдениеті және тарихына жастардың назарын аудару.
  • Кәсіби дағдыларын дамыту мақсатында аймақтағы шығармашылық жастардың байланыстарын дамыту.
  • Музей және көрмелік жобаларды танымал ету.
  • Шығармашылық жастар мен заманауи жобалардың өзін-өзі білдіру арқылы музейге назар аударту.

Фестиваль-байқау келесі жас топтары бойынша сыналды:
“12–15 жас”

  1. “Бұлақтар” би ансамблі  №8 ОМ, жетекшілері – Юлия Высочина, Оксана Бондаренко, Светлана  Герасимова
  2. “Айзере” би ансамблі   №23 ОМ, жетекшісі – Анара Сабдинова
  3. “Қуанамын” халықтық би студиясы, көркемдік жетекшісі – Алина Ушакова
  4. “Тенгри” би ансамблі, жетекшісі  – Элла Рахимжанова
  5. “Арман” балалар-жасөспірімдер клубы, жетекшісі – Мария Матвеева
  6. “Бұлақтар” би ансамлі  №2 ОМ, жетекшісі – Юлия Высочина

“16–18 жас”

  1. “Алуа” халықтық би ансамблі, көркемдік жетекшісі – Жанна Темербаева
  2. “Қуанамын” халықтық би студиясы, көркемдік жетекшісі – Алина Ушакова

Әділ – қазылар алқасы байқауға қатысушыларды әділ бағалап, шешім қабылдады:

“12–15 жас” тобы бойынша

  • 1-ші орын ақшалай сыйақы  100 000 теңге – “Қуанамын” халықтық би студиясы
  • 2-ші орын ақшалай сыйақы  80 000 теңге – “Бұлақтар” би ансамблі №8 орта мектеп
  • 3-ші орын ақшалай сыйақы  50 000 теңге – “Айзере” би ансамблі №23 орта мектеп
  • 3-ші орын ақшалай сыйақы  50 000 теңге – “Тенгри” би ансамблі

“16–18 жас” тобы бойынша

  • 1-ші орын ақшалай сыйақы 100 000 теңге – “Алуа” халықтық би ансамблі

Көрермендердің дауыс беруі арқылы «Көрермендер көзайымы» сыйы мен ақшалай сыйақы 30 000 теңгеден тапсырылды:

  • “Арман” балалар-жасөспірімдер клубы
  • “Бұлақтар” би ансамблі №2 орта мектеп